Атырау, 30 желтоқсан 21:32
 бұлттыВ Атырау -4
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

​Ресейді дүр сілкіндірген қылмыс. Студент қыздың ата-анасы оның соңғы өтінішін айтты

3 622 рет қаралды

Олег Соколов пен Анастасия Ещенко. © fontanka.ru

8 қарашада 63 жастағы доцент Олег Соколовтың қолынан көз жұмған Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті Анастасия Ещенко оқиға болардың алдында ата-анасының келуін күткен, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Басылым мәліметінше, соңғы рет ол әкесімен телефон арқылы 7 қарашада сөйлескен. Ал 13 қарашада оның ата-анасы келуі керек болған.  "Ол біздің келгенімізді қалады. Бізді күтті. "Жиналдыңдар ма? Келдіңдер ме? деп сұрап тұрды. Біз "Әрине" дедік. Әкесі соңғы рет Настяға "Кездесеміз балам" деп айтты", - дейді студент қыздың анасы Галина Ещенко.  


Қайтыс болған студент қыздың анасы Галина Ещенко мен әкесі Олег Ещенко. © ren.tv
Ата-анасының айтуынша, соңғы рет Анастасияның көңіл-күйі жақсы болған. Олардың келуін күтіп, тіпті мәдени бағдарлама дайындап қойған. Ал соңғы өтініші - оған көк бәтеңке әкеп беруін сұраған.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қараша 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.