Атырау, 26 қараша 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мирзияев шенеуніктердің тілшілерге және халыққа дөрекі сөйлейтінін сынады

2 257 просмотра


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияева өткен аптаның соңындағы жиналыстардың бірінде шенеуніктердің журналистермен және халықпен дөрекі сөйлейтінін сынаған.

Ол ақпарат құралдарын билік жұмысының нәтижесін көрсететін айнаға теңеп, "кейбір шенеуніктер халықпен және БАҚ өкілдерімен сөйлескенде мәдениеттен аттып кететінін" айтқан.

"Шенеуніктер халық пен журналистер қайырылса уақтылы және шынайы жауап бермейді. Осыдан соң сенімсіздік пайда болады. Күн сайын әлеуметтік желі шенеуніктердің әрекеті жайлы шулап жататынын көріп отырсыздар. Сыни мақалаларға уақтылы, объективті жауап берілмесе, жұрт арасында дау мен түрлі болжам пайда болады” деді Мирзияев.

Өзбек президенті шенеуніктерге және журналистерге өз жұмыстарын адал атқарып, халықтың сенімінен шығуды тапсырды.

Өткен аптаның басында Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Артықхожаев пен журналистер арасында дау шыққан16 қарашада желіде Артықхожаевтың журналистерге егер билікпен әріптестік орнатпаса, "оп-оңай" құртатынын немесе "гей" деген айдар тағып, "қоғам алдында масқара жасайтынын" айтып, қоқан-лоқы көрсеткен сөзі жазылған аудио тараған.

Кейін “әкімнен қоқаң-лоқы көрдік” деген екі журналист Баходир Ахмедов пен Зафарбек Солижонов өздері істеген kun.kz сайтынан кеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы


24 қараша 2019, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.