Атырау, 26 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Колумбияда толқуларға байланысты коменданттық сағат енгізілді

2 310 просмотра


Колумбияның астанасы Боготада коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Президент Иван Дукэ елдегі толқулар басылмаған соң осындай қадамға бардық деп отыр. Айтуынша, бұл халықтың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шара. Билік наразы жұртты бейбіт келісімге шақырып, ұлттық әлеуметтік саясатты қоғаммен бірлесіп қайта қарауға дайын екендігін жеткізді. 

Еске салайық, бейсенбі күні Колумбияда президент Дукенің әлеуметтік және экономикалық саясатына қарсы жаппай шерулер басталып, соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Ресми мәліметке сай, наразалық акциялары кезінде 3 адам қаза тауып, 273 тұрғын жарақат алған.

Дереккөз: 24.kz

24 қараша 2019, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.