Атырау, 25 қараша 00:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«ОблТрансГаздың» орнына – «ҚазТрансГаз»

2 178 просмотра

1 қарашадан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ (ҚТГА) ресми түрде облысты газбен жабдықтау нарығында «ОблТрансГаз» КМК-ның орнын басты.

Қайта ұйымдастыру үстіміздегі жылдың қыркүйегінде облыстық әкімдік пен «ҚазТрансГаз» ҰК-на жүз пайыз тиесілі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы қол қойылған меморандум мен сенімді басқару келісім-шартына сәйкес жүргізілген.

ҚТГА  - Қазақстандағы газдендірілген 9 өңірдің 8-ін газбен жабдықтаушы мекеме. Қазір Балғымбаев көшесінің бойындағы «ОблТрансГаз» бас кеңсесі (бұрынғы Куйбышев атындағы мектеп) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының кеңсесіне айналды. Кеңсе іші ығы-жығы боп жатыр: газ құбырларын, құрылғылар мен арнайы техникаларды қабылдау-беру жүргізіліп жатыр екен.

Эльдар ТАКЕШ ӨФ директоры боп тағайындалды. «ОблТрансГаз» директорының орынбасары Александр БАЛАКИН оның орынбасары болды. Оның айтуынша, қайта ұйымдастырылғаннан кейін мекеме ұжымы жұмыс орындарын сақтап қалған.

Атырау облысындағы газ құбырының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайды. Табиғи газды тұтыну көлемі – жылына 1,3 миллиард текше метр шамасында. Меморандумда «ҚазТрансГаз Аймақ» газбен үздіксіз жабдықтауға кепілдік берген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2012, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.