Елдегі кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысатын британдық либерал-демократтар партиясы жеңіске жеткен жағдайда Brexit-ті тоқтатпақ. Бұл туралы либералдар басшысы Джо Свинсон ұсынған партиялық манифестке сілтеме берген ВВС ағылшын бөлімі хабарлады.
12 желтоқсанда өтетін сайлау нәтижелері бойынша аталған партия билікке келсе, жаңа үкімет Ұлыбританияның Еуропалық қауымдастықтан шығуы туралы 2017 жылы ЕО ұсынған хабарламаның күшін жояды. Сонымен бірге, бұл саяси күш Brexit мәселесі бойынша екінші референдум өткізбейтінін айтты. Либералды-демократиялық партия өкілдері климаттың өзгеруіне қарсы жобалар ұсынып, энергия тұтыну құрылымындағы энергия үлесін 2030 жылға қарай 40%-дан 80%-ға жеткізуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, партия Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне жылына қосымша 7 миллиард фунт стерлинг (9 миллиард доллар) салдуы көздеп отыр.
Сарапшылардың пікірінше, либерал-демократтардың екі жастан бастап барлық балаларды балабақшаларға тегін орындармен қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру үшін жылына тағы 13 миллиард фунт стерлинг (17 миллиард доллар) қажет болады. Сонымен қатар, партия Ұлыбритания қабылдаған босқындар санын екі есеге арттыруға уәде берді. Негізінен Brexit бойынша келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді. 2016 жылғы референдум бойынша Ұлыбритания 29 наурызда Еуропалық одақ құрамынан шығуы тиіс болатын.
Алайда, тараптар ортақ келісімге келе алмағандықтан, Brexit уақыты екі рет кейнге шегерілген. Таяуда мәлім болғандай, ресми Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан 31 қазанда шығатынын айтты. Бұл қадам да кезекті мәрте сәтсіз аяқталғандықтан, Brexit мерзімі ұзартылды. Енді Ұлыбританияның одақ құрамындағы саяси шешімі алда келе жатқан кезектен тыс парламенттік сайлаудан кейін мәлім болады.
Дереккөз: Qazaqtimes.com