Атырау, 26 желтоқсан 13:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Саясаттағы мемлекеттік қызметкерлер саны 538 адамға дейін қысқарады

1 968 просмотра

Қазақстанда саясат алаңында қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер саны 538 адамға дейін қысқарады.

Бұл туралы бүгін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне арналған және мемлекеттік жоспарлау мен басқару реформасы туралы Екінші халықаралық конференция барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік қызметті реформалау жөнінде келісім табылып, бүгінде Үкімет заң жобасының нобайын келтірді. Бұл реформа өте маңызды. Саясаттағы мемлекеттік қызметкерлердің саны 6,5 есеге, 3277 адамнан 538 адамға дейін қысқарады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Астанада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне арналған және мемлекеттік жоспарлау мен басқару реформасы туралы Екінші халықаралық конференция өтуде.
Дереккөз: bnews.kz

2 қараша 2012, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.