Атырау, 22 қараша 04:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Шеруді алтын адам бастады

8 191 просмотра


Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде «Музейлер шеруін» Жылыой аудандық музейі жалғастырып, 250-ге жуық жәдігерін әкелген. Оның ішінде киелі Ақмешіт, облыста алғаш мұнай бұрқағы атқылаған Қарашүңгіл кенішінің макеттері бар. Көрермендерді, әсіресе,  1999 жылы Зайнулла Самашев бастаған экспедицияның Аралтөбе қорғанына жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған "Алтын адам" экспозициясы қатты қызықтырды.

Жылыой аудандық музейі басшысының м.а. Қарлығаш ҚОСБАЕВАНЫҢ айтуынша, сармат көсемінің сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д. ІІІ ғасыр - б.з. ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататындығын дәлелдеген. Тарихи ескерткішті белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

20 қараша 2019, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.