Колумбияда дәл Хэллоуин мерекесі кезінде жойқын жарылыс болды. Салдарынан екі адам көз жұмып, 40-қа жуық тұрғын түрлі жарақат алды.
Жергілікті билік өкілдері «жарылғыш затты екі белгісіз азамат жарды және олар Колумбия көтерісшілер әскерінің қатарындағы сарбаздар» деген болжам айтуда. Лаңкестердің екеуі де оқиға орнында мерт болды. Прадера қаласының орталығындағы саябақ маңында болған жарылыста балалар Хэллоуин мейрамын тойлаған. Құрбан болғандардың дені – жасөспірімдер. Олардың екеуі ауыр халде. Жалпы елде жарты ғасыр бойы Үкімет пен көтерісшілер арасында қақтығыс жалғасып келеді. Үкімет әскерімен күресте олар түрлі қару қолдануды әдетке айналдырған. Соның ішінде жарылғыш заттар да бар. Қазан айының басында Осло қаласында тараптардың текетіресін тоқтату үшін келіссөздер өткен болатын. Алайда әзірге бұл еш нәтиже бермей отыр.
Дереккөз: 24 KZ