Атырау, 22 қараша 07:27
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Украинаның бұрынғы премьері абақтыдан шықты

1 981 просмотра

Алаяқтығы мен қаржы жымқырғаны үшін сегіз жыл Калифорния түрмесінде отырған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Павел Лазаренко босап шықты, деп хабарлайды «Украинская правда» басылымына сілтеме жасаған «Лента.ру». Лазаренконы жергілікті сағат бойынша 4:00-де (Астана бойынша 17:00-де) босатқан.

Жорналшылар Лазаренконың сәл кештеу босатылады деп күтіп, түрме ғимаратына таңғы 8:00-де келген болатын, сол себепті экс-премьерден сұхбат алуға үлгермей қалды. Бостандыққа шыққан соң қайда бет алғаны белгісіз, адвокаты да телефонға жауап бермеген. 

Павел Лазаренко 1999 жылы АҚШ-та тұтқындалған еді. Бұл елге ол саяси баспана сұрап келген, алайда дереу қамауға алынды. Лазаренко 1996-1997 жылдары Украина үкіметін басқарып тұрған кезеңде мемлекеттік бюджеттен 200 миллион долларға жуық қаржыны жымқырды деп айыпталған болатын.

2006 жылы американдық алқа соты Лазаренконың мойнына мінгізілген ақша сомасының біршама кемітілгеніне қарамастан, бұрынғы премьерді тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бұдан кейін, 2009 жылы Лазаренконың кесілген мерзімі бір жыл, тоғыз айға шегерілді.

Лазаренконың Украинаға оралу ниеті бар-жоғы белгісіз, дегенмен ол 2012 жылдың қазан айының соңында өткен Жоғарғы Рада сайлауына қатысуға талаптанған болатын. Алайда, Украина ОСК депутаттыққа кандидат азаматтар сайлауға түспес бұрын Украина аумағында тұрақты бес жыл тұруы керек деген талапты желеу етіп оны тіркеуден бас тартқан.
Дереккөз: bnews.kz

2 қараша 2012, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.