Атырау, 9 желтоқсан 11:06
Күндіз ашық+2, кешке -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.97  € 427.12  P 6.04

Индерлік ару «Miss Virtual World-2019» атанды  

19 қараша 16:13


Осы халықаралық интернет-сұлулық байқауының финалы Мексиканың курортты Канкун қаласында өтті. Ашық интернет-дауыс беру нәтижесі бойынша бұған дейін Қазақстанда «Miss Virtual World-2019» байқауының ұлттық кезеңін жеңіп алған жерлесіміз Арайлым ИШАХАТ жеңімпаз атанды.


Рас, Арайлым виза мәселесіне байланысты марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Бірақ оған басты сыйлығы - Porsche Cayman 718 автокөлігі табыс етіледі. Дегенмен, басқа үміткерлердің бірі якутиялық Алена Портнягинаның жанкүйерлері біздің қатысушымызды «финалға бармағаны үшін байқаудан шығарып тастау керек» деп, әлеуметтік желілерде белсенділік танытқан еді. Бірақ миллиондаған Интернет қолданушы «қазылар алқасы» басқаша ұйғарды. Ал Арайлымның өзі финалда: «Ата-анама және Қазақстан мен әлемде маған қолдау көрсеткен барша жанға рахмет айтамын! Мен бақыттымын!», - деп бейнеүндеу жасады.

Арайлым Ишахат Индербор кентінде дүниеге келген, «Астана медицина университеті» КЕАҚ бітірген, бала кезінен музыкаға әуес, ән салады, гитарада ойнайды.

Анастасия АЛЮШИНА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1663 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4