Атырау, 26 желтоқсан 13:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген барлық тұлғаларды экстрадициялауға дайын

2 095 просмотра

Қазақстанның Бас прокуроры А. ДауылбаевАСТАНА, 2  қар– Қазақстан жаңалықтары АА. БАӘ іздеуде жүрген тұлғаларды экстрадициялау туралы Қазақстанның барлық сұранымдарын жедел және оң шешім шығара отырып қарауға қажетті барлық шараларды  қабылдауға дайын деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше,тиісті келісімге  Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында қол жеткізілді. Сапар барысында Әділет министрі Ходиф Жауан аль-Захиримен келіссөз жүргізілді, онда қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ шетелдегі біздің азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы екіжақты келісімнің орындалуы барысындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Ауыр қылмыстар жасағандары үшін еліміздің құқық қорғау органдарының іздеуіндегі БАӘ аумағында жасырынып жүрген Қазақстан азаматтарын экстрадициялау мәселесі кездесудің басты тақырыптарының бірі болды.

«БАӘ Әділет Министрі қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Бас прокуратурасымен ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді,сондай-ақ іздеуде жүрген тұлғаларды экстрадициялау туралы Қазақстанның барлық сұранымдарын жедел және оң шешім шығара отырып қарауға қажетті барлық шаралардың қабылданатынына сендірді»,-делінген қадағалау органының хабарламасында.

Қылмыскерлерді беру мәселелерін БАӘ мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп тиянақты түрде талқылау мақсатында жұмыс тобының отырыс болып өтті, оның құрамына Бас прокуратура, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер министрлігі және Интерпол Ұлттық орталық бюросы,сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері енді. Жиналыс қорытындысымен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы сұранымдарды қараудың келісімді процедуралары жасалды.
Тараптардың келісімі бойынша алдағы уақытта жұмыс тобының осындай отырыстары БАӘ аумағында жасырынып жүрген барлық тұлғалар қазақстандық тарапқа берілгенше тұрақты түрде өткізілетін болады. Екі жақтың пікірі бойынша, өзара іс-қимылдың мұндай форматы біздің елдердің құқық қорғау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына септігін тигізетін болады және жуық арада күтілген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«БАӘ Әділет Министрі А.Дауылбаевтың ауыр қылмыстар, әсіресе терроризм және ұйымдасқан қылмыс жасағандары үшін іздеуде жүрген тұлғаларды депортациялаудың жеделдетілген прорцедурасы туралы ұсынысын да қолдады»,-делінген хабарламада.
Бас Прокурор шетелдегі біздің азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында БАӘ-де жазасын өтеп жатқан отандасымыз Эмилия Бейсембаеваны Қазақстанға ауыстыру мәселесін көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша сотталғандарды жазаларын өз мемлекеттерінің аумағында өтеу үшін беру туралы екіжақты келісім дайындау және оған қол қою туралы келісілді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

2 қараша 2012, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.