Атырау, 27 қараша 01:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жария болған құпия құжат Қытай Коммунистік партиясының бет-бейнесін ашты

6 945 просмотра


Өткен сенбіде The New York Times басылымы Қытай Коммунистік партиясының бірқатар құпия құжаттарын жария етті. Аталған басылымға ҚКП құпия құжаттарын аты-жөнін жасырған қытайлық жоғары лауазымды берген деген мәліметтер де бар. 

Бұл құжаттар Шынжаң мәселесінің, ондағы аз санды ұлттарға көрсетілген қысымның Қытай басшысы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин/Xi Jinping) нұсқауымен болғанын дәлелдейді. ҚКП-ның 400 беттен асатын құпия құжаттары Шынжаңдағы қазақ, ұйғыр және басқа да аз санды ұлттарға көрсетіліп жатқан қысымның негізі деуге де болады. Онда аз санды ұлт өкілдерін ұлттық, діндік сенімдерінен ажырату үшін «Білім беру орталықтары» деп аталатын лагерлерге қамау және басқа да әрекеттер толығымен, егжей-тегжейлі көрсетіледі. Тіпті, лагерлерге қамалған ата-аналардың Ішкі Қытайдағы немесе шетелде оқып жатқан балаларына қалай түсіндіру керектігіне дейін көрсетілген. 

Анығында, The New York Times басылымы ҚКП-ның 403 бет ішкі құжатын қолға түсірген. Бұл Қытай қызыл партиясының соңғы он жылдықтардағы ең үлкен жоғалтуы деуге болады. Бұл құжаттар Қытай билік партиясының шын бейнесін әлем алдында ашып тастады десе де болады. Аталған басылым хабарында: «Бұл құжаттар Қытайдан сыртқы әлем үшін үш жыл бұрын басталған және қазір де Шынжаңда болып жатқан жағдайлардың шын мәнін түсінуге мүмкіндік берді», – деген. Құжаттың қалай жинақталып, қалай шығарылғаны туралы анық мәлімет жоқ. Тек, аты-жөнін білдіргісі келмеген Қытай билік партиясының өкілі бергені туралы айтылады. 

Дегенмен, аталған құжаттар Қытай Коммунистік партиясының Шынжаңға бағыттаған қысымының жұрт ойлағаннан да ауыр екенін түсіндіреді. Әрі, Бейжің билігінің Мау Зыдоң (Мао Цзэдун) дәуірінен бері Шынжаңды қандай қысым астында ұстап келгенін көрсетеді. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

19 қараша 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.