Бауыржан ЖАНТЕМІРОВ қамауға алынғаннан кейін облыстық қаржы басқармасының бастығы орнына Бағытжан ЖЫЛҚЫБАЕВ тағайындалды. Ол 1957 жылы дүниеге келген. 1992-95 жылдары Атырау қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан бастап облыстық қазынашылық департаментінің бастығы боп қызметтер атқарған.
Өз қалауымен жұмыстан босатылған Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВТЫҢ орнына облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы боп Жәрдемғали АХМЕТОВ тағайындалды. Ол тағайындалғанға дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, Исатай ауданының әкімі боп жұмыс істеген.
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы боп Төлеп ОРЫНБАСАРОВ тағайындалды. Ол соңғы уақытқа дейін облыстық жер қатынастары басқармасының жер учаскелерін бөлу және қайтару бөлімін басқарған. Басқарманың бұрынғы бастығы Айдос ДӘУКІШЕВТІҢ жұмыстан шығу жағдайы хабарланбайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы боп, бұрын «ЮСС Суппорт Сервисез» ЖШС директоры боп жұмыс істеген Ақылбек БАЙШАХАНОВ тағайындалды. Ал басқарманың бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВ сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті деген айыппен үйқамаққа алынған болатын.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА