«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде мемлекетке салық төлемей жалға берілетін 188 пәтер анықталды, олардың көпшілігін сағатқа жалдайды. Жыл басынан бері Атырауда осындай 926 пәтер анықталды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Заңсыз берілетін пәтерлер туралы ақпарат Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған.
Бұдан басқа, іс-шара кезінде полицияда тіркелген тұлғалар тексеріліп, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетелдіктер анықталды.
Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, бүгінде Атырау облысында баспананы ресми жалға беруші 3820 тұлға бар. Ал полиция мен салық қызметкерлері жүйелі түрде бірлесе жүргізілетін рейд барысында заң бұзушыларды ұстауға тырысады.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор