Аргентина Парламенті 16 және 17 жастағы жасөспірімдерге жалпы халықтық сайлау барысында дауыс беруге мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады.
Нәтижесінде 131 халық қалаулысы дауыс бердi, тек үшеуі ғана қарсы болған. Заң күшiне енгеннен кейiн дауыс беруге құқылы аргентиналықтардың саны 1 миллионға адамға өседi. Осылайша, сайлаушылардың жалпы саны 2%-ға артады, деп жазады РБК.
Сарапшылар оқушылардың басым көпшілігі қазіргі билікке дауыс беретінін атап өтті.
Дереккөз: bnews.kz