Атырау, 10 желтоқсан 10:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Палестина басшысына Израиль қастандық жасаған

2 340 просмотра
Израиль билігі 1988 жылы Палестина автономиясының бұрынғы асшысы Ясир Арафаттың орынбасары Халиль әл-Вазирді қастандықпен өлтірткенін мойындады.

Көбінесе Әбу-Джиһад деген атпен танымал Халиль әл-Вазирді өлтіруге Израильдің қатысы бар деген әңгіме бұрыннан бар еді. Бірақ Израиль әскерилері Yediot Ahronot басылымына қастандықты мойнына алған ақпаратты жариялауға енді ғана рұқсат берді. Басылым журналисі осыдан 12 жыл бұрын қастандық операциясын басқарған, қазір қайтыс болып кеткен әскери шенеуніктен Халил әл-Вазирдің өлімін мойындағаны туралы сұхбат алған еді. 
Бұл құпия қылмысқа сол кезде қорғаныс министрі болып тұрған Эхуд Барак пен бұрынғы вице-президент Моше Яаалонның да қатысы бары белгілі болған.
Әбу-Жиһад Ясир Арафатпен бірге Палестинаны азат ету ұйымын (ФАТХ) құрған. Оның израильдіктерге жасалған бірнеше шабуылдарға қатысы бар делінеді.
Әбу-Жиһадты 1988 жылы Тунисте атып өлтірді.
 
Дереккөз: "Азаттық радиосы"
2 қараша 2012, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.