Атырау, 23 қараша 23:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аққыстауда Исатай батыр мен ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашылды

4 844 просмотра

Аудан орталығы Аққыстау ауылында халық батыры Исатай Тайманұлына ескерткіш пен ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, ауған болған боздақтарға арнап естелік монумент қойылды.

- Алашқа аты танылған Исатай батыр ескерткішінің ашылуы ата бабаға деген зор құрмет, - деп атап өтті ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік ШАПКЕНОВ. Ескерткіштің тұғырында ат үстінде қолында найзасы бар батыр бейнеленген. Ескерткіштің көлемі ені 6, биіктігі 12 метр, алыстан мен мұндалап тұр. Мүсін қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Авторы - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Серік МӘТЕНИЯЗОВ.

Ал ауған соғысында қаза болғандарға арналған монументті исатайлық суретшілер, мүсінші, әкелі-балалы Талғат, Аян СӘТМАҒАНБЕТОВТЕР  жасаған. Онда ауған жерінде қалған жауынгердің қаруы, оған ілулі тұрған бас киімі, жорық дорбасы бейнеленсе, ал төменде тау тастар арасында атылған оқтар, гранат қалдықтары көрініс тапқан.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

18 қараша 2019, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.