Ресей Ғылым Академиясының ғалымы, әлеуметтік ғылымдар докторы Вячеслав Локосов 10 жылдан кейін көршілес орыс халқының үштен бір бөлігі еңбекке жарамсыз болатынын айтты. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды.
Ресми дерекке сүйенсек, дені сау балалардың саны 4 есеге азайған және ер адамдардың 70% ішімдікті шамадан тыс пайдалану салдарынан қайтыс болады. Халықтың басым бөлігі өңірлерден ірі қалаларға барып тұруға ұмтылады. Осындай демографиялық мәселелерге ресейлік ғалымдар алаңдаушылық білдіріп отыр.
Олар медициналық проблема әлеуметтік түйіткілге айналып отырғанын айтады.
30 жыл ішінде дені сау балалардың саны 49% -дан 12% -ға төмендеді. Халықтың репродуктивті денсаулығы нашарлады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, шекті деңгей - баласыз отбасылардың 15%. Біздің қоғамымыз 2016 жылы осы жолдан өтті, қазір біздің отбасыларымыздың 17% -дан астамы бедеулік дертіне ұшыраған. Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцованың айтуынша, еңбекке жарамды ер адамдар арасындағы өлімнің 70% -ы алкогольді тұтынумен байланысты, - дейді Ресей Ғылым Академиясының докторы Вячеслав Локосов.
Оның айтуынша, көптеген сарапшы мамандардың пікірі бір жерде түйісіп, кем дегенде он жылда Ресей халқының саны қысқаруы мүмкін деген қауіп бар. Бұл жөнінде ол 15 қараша күні өткен Академияның ғылыми мүшелерінің басқосуында мәлімдеді.
Дереккөз: Baq.kz