Атырау, 27 қараша 01:13
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ Бас хатшысы Газа секторына шабуылды дереу тоқтатуды талап етті

2 441 просмотра


БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш сионистік режимнің бейсенбі күні таңертең палестиналық бір отбасының сегіз мүшесінің қазасына себеп болған Газа секторына жасаған шабуылын айыптады. Бұл туралы "Pars Today" агенттігі сайтында хабарланды. 

Антониу Гутерреш жұма күні кешке осы жабайы қылмысты айыптауымен қатар сионистік режимнен Газа секторына шабуылды дереу тоқтатуды талап етті.

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары бейсенбі күні таңертең Газа секторының орталығындағы Дир әл-Балх аймағындағы тұрғын үйді нысанаға алып, атқылады. Соның салдарынан палестиналық бір отбасының сегіз мүшесі қаза тауып, он адам жараланған.

Израиль Газа секторын 2006 жылдан бері құрлықтан, әуе және теңіз арқылы қоршауға алып, Газа тұрғындарын көптеген қиындыққа душар етті.

Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан мыңдаған палестиналық шәһид болды.

Дереккөз: baq.kz

17 қараша 2019, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.