Атырау, 5 желтоқсан 07:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жалғандағы жалғыздық туралы

Сурет Бейнежазба
8 131 рет қаралды

13 қарашада М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының үлкен залында Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Рахымжан ОТАРБАЕВТЫҢ  «Жалғыздық» әңгімесіне қойылған пьесаның БАҚ өкілдері мен мәдениет ардагерлеріне арналған презентациясы  өтті.

Шығармада жалғыздық зарын шерткен шерлі адамның жалған дүниеден әбден жалығып, күйзелген жан дағдарысын жұмбақ құбылыс ретінде суреттейді. Қойылымда В.Высоцкийдің әндері пайдаланылған. Сөзі аз, ой иірімдері терең қойылымды көрермен әртістердің қимыл қозғалысынан аңғара алады.  

- Әдебиеттен театр тудыру оңай шаруа емес. Шығарманың басты өзектілігі -бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білу,- дейді театрдың бас режиссері Мұханғали ТОМАНОВ

«Жалғыздық» қойылымы көрермендердің назарына осы жерде 18-22 қараша күндері ұсынылады. Бұл театрдың үлкен залында өртенгеннен кейін болатын алғашқы шара.


Әсем БОЛАТҚЫЗЫ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

16 қараша 2019, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.