Қазанның 25-і күні сағат 18-де Алмагүл ықшам ауданындағы полиция бөлімшесіне 22 жастағы қала тұрғыны өзін еш себепсіз Нұрсая ықшам ауданының 20 жастағы тұрғынының ұрып-соққанына шағымданды. Бұзақы ұсталып, қолхат арқылы босатылды.
***
Қазанның 25-і күні сағат 20-да полицияға 27 жастағы қалалық өзін Балықшы поселкесінде, Құнанбаев көшесі бойында белгісіз біреудің пышақтап кеткендігіне шағымданған. Күдіктінің кім екендігі анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде.
***
Қазанның 26-ы күні кешкісін полицияға Авангард ықшам ауданының 38 жастағы тұрғыны шағымданған. Үй иесінің 19 жастағы танысы оның пәтеріне емін-еркін кіріп, 160 мың теңгені қолды қылған. Күдікті қолға түсіп, саусақтарының таңбасы алынып, қолхат бойынша босатылды.
***
Қазанның 27-і күні Жұмыскерде BMW-520 автокөлігінің салонынан 80 мың теңге ұрланған. 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ақша тәркіленді.
***
Қазанның 28-і күні сағат 18-де Авангард ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен отбасылық жанжал шыққандығы туралы дабыл түскен.Полиция жасағы 34 жастағы ер адамның мүрдесін тапты. Үйдегі адамдардың айтуынша, ол өзіне-өзі тамағының тұсынан пышақ кезеген.
***
Қазанның 29-ы түн ортасы ауа белгісіз біреулер Атырау мөлтек ауданындағы мейрамханадан құны 60 мың теңге тұратын «Самсунг» музыкалық орталықты ұрлап кеткен. Күдіктілер ұсталып, ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат арқылы босатылған, заттай айғақ тәркіленіп алынды.
***
Қазанның 29-ы күні 26 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым келіп түскен. Оны Привокзальныйдағы компьютерлік клубта таңертеңгі сағат 8-дер шамасында еш себепсіз 28 жастағы астаналық азамат соғып кеткен. Күдікті ұсталып, қолхат арқылы босатылды.
***
Қазанның 30-ы күні таңертең Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде 65 жастағы ер адамның асылып қалғандығы анықталды.
***
Қазанның 30-ы күні 32 жастағы батыс қазақстандық алаяқтың әрекетіне қатысты үш бірдей шағым түсті. Ол бір сызба бойынша әрекет еткен – жұмысқа орналастыруға уәде береді, ақшаны алады, сөйтіп, көзден ғайып болады. 30 жастағы ер адамды ол осындай жолмен 250 мың теңгесінен, 21 жастағы бойжеткенді 70 мың теңгесінен, 22 жастағы жігітті 20 мың теңгесінен айырды. Күдіктінің жеке басы анықталып, тексеру жүргізілуде.