Атырау, 9 желтоқсан 04:46
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​SpaceX тегін ғаламтор орнату миссиясын бастады

2 811 рет қаралды


SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды. Бұл туралы NBС хабарлады. 

Бұған дейін «SpaceX» компаниясы «Falcon 9» зымыран тасымалдағыш кемесінің ұшу уақытын ауа райына байланысты бірнеше мәрте кейінге қалдырған. «Starlinк» — әлемді тегін ғаламтормен қамтамасыз етуге бағытталған миссия. Миссия өз жұмысын 2018 жылдың 22 ақпанында бастаған. Дәл осы уақытта «Falcon-9» ғарышқа сынақ ретінде екі жер серігін алып шыққан. Жалпы, бағдарлама аясында ғарышқа 12 мың спутник ұшырылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 10 миллиард доллар шамасында. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

13 қараша 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.