Атырау, 29 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкелер мен балалар

2 528 просмотра

Полиция осы жылдың мамыр айында болған аса ірі ұрлықты әшкереледі.

Сол кезде белгісіз біреулер терезе әйнегін түсіру арқылы Қызылқоға ауданы, Қарабау селосындағы мектептің ғимаратына кірген. Сөйтіп, олар 17 бірлік компьютерлік техниканы, оның ішінде ноутбуктер және интерактивті тақтаны қолды қылған. Ұрланған заттың жалпы сомасы 5,3 млн теңгені құрайды.

27 қазанда криминалды полиция басқармасының қызметкерлері үш күдіктіні ұстаған: олардың біреуі 24 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны болса, екіншісі Қарабау селосының 20 жастағы тұрғыны, енді бірі – бұрын сотталған, ата-анасы осы мектепте жұмыс жасайтын 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктілерді тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тінту кезінде полицейлер 10 компьютерді тәркіледі. Қалған заттарды ұрылар сатып үлгерген.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қазан 2012, 21:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.