Атырау, 24 қараша 00:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарсы бағыттағы ақсақал және жол жүру ережесін бұзғандар

Бейнежазба
3 525 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Осы аптада әлеуметтік желілерде Атырауда жүргізушілердің жол жүру ережесін өрескел бұзғаны түсірілген бейнежазбалар тарады. Атап айтқанда, армяндық нөмірлі Toyota Camry көлігі Сәтпаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды өткізбеді; дәл осындай ереже бұзушылықты Сұлтан Бейбарыс даңғылында Opel Vectra жүргізушісі де жасаған; үшінші жағдайда «Нива» көлігі Сәтпаев даңғылында қарсы бағытта жүрген.



- Біз бұл ереже бұзушыларды бірден таптық, олармен түсіндірме жұмыстарын өзім жүргіздім, - дейді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ.

Opel Vectra көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен Toyota Camry-дің 21 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы бойынша (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айтпақшы, жүргізушілер - Мақат пен Махамбет аудандарының тұрғындары - ереже бұзғаннан кейін өз ауылдарына кетуге асыққан, бірақ оларынан ештеңе шықпады.

Ал Сәтпаев даңғылында қарсы жолақта келе жатқан «Нива» жүргізушісі егде жастағы адам екен. Индер ауданының 77 жастағы тұрғыны мұнайлы астананың орталық даңғылымен алғаш рет жүргенін және жасы келгендіктен жолақтарды шатастырып алғанын айтып, ант-су ішті. Полиция қызметкерлері ескертумен шектеліп, қарияға айыппұл салмады. Бәлкім, мұндай жаста көлік жүргізуді қою керек шығар?

- Полиция басқармасында WhatsApp мессенджері арқылы +7 775 262 59 32 нөмірінде қауырт желі ашылды. Ол жерге біздер әрекет етуіміз үшін қала тұрғындары өздері камераға түсіріп алған жол ережесін бұзушылықтар туралы жазбаларды жолдай алады, - деп хабарлады Е.Биғамбаев.

Тек 4-9 қараша аралығында мұнайлы астанада 627 жол жүру ережелерін бұзушылық тіркелген. Бүгінде қалада 759 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, ал келесі жылы «ақылды» «Сергек» жүйесі орнатылса, камералар саны бір жарым мыңнан асады.

Фархат ӘБІЛОВ

12 қараша 2019, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.