Атырау, 25 қараша 00:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ тағы бүлдірді

2 294 просмотра

31 қазанға қараған түні Жилгородок, Авангард және Нұрсая ықшамаудандарының тұрғындары көз іле алмады.

Ауаны мұнай өнімдерінің иісі алып кеткен. Тыныс тарылтатын газдың иісінен адамдарды жөтел қысып, бастары ауыра бастапты. Ертеңінде редакцияға қоңырау шалған көп адам осылай деді.

«Қазгидромет» РМК филиалының бас синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, атмосфералық бақылау хаттамасына сәйкес, 31 қазанға қараған түні оңтүстік-шығыс бағытынан, яғни АМӨЗ жақтан секундына 3-5 метр жылдамдықпен бірқалыпты жел соғып тұрған.

АМӨЗ бас инженерінің міндетін атқарушы Рүстем БИСАЛИЕВ шығарынды фактісін мойындамады. Атап айтқанда, ол:

- Аталмыш уақытта зауытта технологиялық параметрден ешқандай ауытқулар орын алған жоқ. Зауыт маңында орналасқан ауа жағдайын бақылау стансасы нормадан асу көрсеткішін көрсетпеді. Сондықтан шығарынды болды деп айту - жаңсақтық.

Облыстық экология департаментіндегілер департамент бастығы Ербол ҚУАНОВ пен инспекция бөлімінің бастығы Қуандық ЕСМҰХАНОВТЫҢ іссапарда жүргенін, экологияның ластануына қатысты тексеруді тағайындау мәселесін солар шешетінін айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қазан 2012, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.