Индербор кентіндегі "Болашақ" ықшамауданында салынған 32 үй көпбалалы аналарға берілді. Жыл аяғына дейін тағы 21 анаға жаңа пәтердің кілті табыс етілмек.
Баспаналы болған көп балалы аналардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – 4 баланың анасы Райля Кереева үй кезегінде 9 жылдан бері тұрғанын айтады. Ал жеті құрсақ көтерген «Күміс алқа» иегері Ақтолқын Мерғалиева да осы күнді асыға күтіпті.
- Бұдан бөлек «Көктем» ықшамауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатырса, биыл 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. Барлығын қосқан кезде 300-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі. Бұл аудан тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, - дейді Индер ауданының әкімі Мейірім ҚАЛАУИ. Алайда, аудан әкімінің айтуынша, егер жаңа үй иелері үйін жалдап немесе мақсатсыз пайдаланатын болса, келісімшарт бұзылып, мемлекеттің меншігіне кері қайтарылады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА