Атырау, 23 қараша 23:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұрғындар жер тапты, қалған жұмыс - әкімдікі

Бейнежазба
3 281 просмотра


Құлсары қаласындағы "Екінші ауыл" ықшамауданында ойын алаңы  жоқтығынан балалар көлік жолдарына шығып ойнап жүр. Тұрғындар бұл туралы айтып, қала әкімдігіне талай кірген, бірақ нәтиже шықпаған. Сол кезде бұл мәселені шешуге өздері кірісті.

Бұл ықшамауданда жыл сайын үйлер саны көбейіп, күннен күнге тұрғындардың саны да артып келеді. Шенеуніктер үйлер тығыз орналасқандықтан бұл аумақтан ойын алаңын салу мүмкін емес деген екен. Ал адамдар мұндай сылтауларды тыңдаудан шаршап, орынды өздері тауыпты.

- Тұрғындар болып жиналып, қоқыс жатқан алаңды тазаладық. Бұл жерде қолданыстан шыққан электр бағаналары тұрған. "Атырау-Жарық" АҚ-тың Жылыой ауданындағы филиалымен өзара келісімге келіп,оларды алып тастадық. Енді жері дайын, бірақ абаттандыруға әкімдіктер асығар емес, - дейді 2-ауыл тұрғындары.

Біз Құлсары қаласының әкімі Ернар ЫСМАҒҰЛОВҚА хабарластық.  

- Бүгінде 2-ықшамауданында ойын алаңын салу үшін құжаттар әзірлеп жатырмыз. Келесі жылы осы тұрғындар көрсеткен жерде құрылыс жұмыстарын бастаймыз,- деді әкім.

Күтіп көрейік, билік өз жұмысын тиісінше атқарар.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

12 қараша 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.