Атырау, 29 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бизнес-кеңесшілер үміт үзбейді

2 164 просмотра

25 қазанда Сәтбаев даңғылы бойындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жарты күнге бизнестік кеңес беру орнына айналды. Ол жерде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен барлық келушілер үшін Ашық есік күні өтті.

Бұл идеяны байланысшылар тарапынан орын алған күтпеген жағдай бұзып жіберді. Бизнес-кеңесшілердің слеті қаланың жартысын интернетсіз қалдырған ақпараттық шектелу күнімен тұспа-тұс келген еді. Сөйтіп орталықта әдеттегідей кісі көп болады деген үміт ақталмады. Сол күні адамдар өте аз болды. Ал, есесіне келген адамдар кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, жұмыспен қамту басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, «Даму» қорының, «Қазагроқаржы» және оның еншілесі Агронесие ұйымының, екінші деңгейлі коммерциялық банктердің барлығының өкілдерінің назарына ілінді.

Біз мемлекеттік шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді мақсат еттік, - дейді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Роза БАЙСАЛИХОВА. – БАҚ-тарда едәуір ақпараттар жарияланғанына қарамастан, адамдар Жұмыспен қамту және Жол картасы – 2020 секілді бизнесті қолдау бағдарламаларының қандай мүмкіндіктер беретіндігі туралы жеткілікті хабардар емес. Ал бұл өте жақсы шарттары бар: ауыл тұрғындары, дәлірек айтқанда, несиелеу серіктестігі үшін 6 пайызбен берілетін микронесиелерден бастап, ісін жаңа бастаушылар мен кәсіпкерлер үшін 14 пайызбен берілетін қомақты қарыздарға дейін жеңілдікпен берілетін несиелер. Мұнда мемлекет бағдарламаға қатысушының несиелік жүгінің тең мөлшерін бөліп, 7 пайызын өтейді.

Байсалихованың айтуынша, Жол картасы бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге 41 жоба мақұлданған. Әңгіме жұмыс орындарын құруға, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға қабілетті жобалар туралы болып отыр.

Сол күні он шақты адамды ғана ақпаратпен қамтығанына қарамастан, ұйымдастырушылар оптимизмдерін жоғалтпай, бір ай өткен соң бұл тәжірибелерін қайталамақшы. Бастысы, желі тағы да сыр бермесе болғаны.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

31 қазан 2012, 20:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.