Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі Атырау облысының мемлекеттік архиві құжаттарындағы» тарихи құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.
Кітапта Гурьев округтік комитетінің, РКП (б) облыстық комитетінің 1920-1940 жылдардағы Атырау өңірінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихының әртүрлі аспектілеріне қатысты директивалары, шешімдері, жеделхаттары және басқа да құжаттар қамтылған. Мысалы, «ақтар» көтерілісі жетекшілерінің тізімі, «Доссор милициясындағы олқылықтар мен құлдыраулар туралы» жазба, жұмысшы және шаруа әйелдер бөліміне кооператорлар мен «жеке меншік иелеріне» нан сатуға жол берілмейтіндігі туралы директива және тағы басқалар.
Облыстық мұрағаттың директоры Серік ҚУАНЫШЕВТІҢ айтуынша, бүкіл тираж, яғни 1000 дана кітапханалар мен оқу орындарына ақысыз таратылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суреттерді түсірген автор