Атырау, 27 қараша 01:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Токиода ірі шеру өтті

2 360 просмотра


Токиода жаңа император Нарухитоның таққа отыруына байланысты ірі шеру өтті. Бұл туралы Japan Times хабарлады. 

Қазанда өтуі тиіс шеру тайфун орын алған соң, кейінге шегерілген еді. Салтанатты шараға қатысуға ондаған мың адам келген. Император мен оның жары арнайы жасалған Toyota Century көлігімен жүріп өтті. 

Ұлықтау рәсімінде император Нарухито сөзінде: «Отыз жылдан астам уақыт бойы аса мәртебелі, құрметті император Акихито халқының бақытты болуын, әлемдегі бейбітшіліктің берік болуын тіледі. Мен Жапонияның бірлігі мен мемлекеттігінің нышаны ретінде Конституцияға сәйкес қызмет атқарамын», – деді. 

Осыған дейін жаңа императорды ұлықтауға 170 мемлекеттен арнайы делегация қатысқан болатын. Салтанатты шеруге Бельгия, Бутана, Испания, Камбоджа, Малайзия, Нидерланды королдері, Біріккен Корольдіктің мұрагер ханзадасы Чарльз, Аустрия, Үндістан, Венгрия, Филиппин, Финляндия президенттері, АҚШ-тың көлік министрі Элейн Чао, Ресей Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов, ҚХР төрағасының орынбасары Ван Цишань бар. 

Сонымен қатар, Жапонияға Армения президенті Армен Саркисян, Грузия басшысы Саломе Зурабишвили, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Украина президенті Владимир Зеленский, Молдавия президенті Игорь Додон және Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. 

Жапон жұртының заңына сәйкес, патша отбасында саяси билік жоқ. Алайда, Жапонияның ел бірлігі мен ұлт тұтастығының символы ретінде патша отбасына үлкен құрмет көрсетіледі. Халық наразы болған жағдайда үкіметті де ауыстыруға қақысы бар.  Акихито патшаның тұсында жапон халқы талай ауыр күндерді басынан өткерген. Акихито соның бәрінде шапағатшыл, халықшыл патша ретінде есте қалды.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

11 қараша 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.