Атырау, 24 қараша 00:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біздің ауа Делиден де нашар

4 076 просмотра


Белгілі уақытта ауа сапасын көрсететін air-quality.com сайтында 7 қарашада Атырау қаласының нүктесі «қауіпті» (hazardous) дегенді білдіретін қызыл түспен жанып тұрды.

7 қарашада түн ортасында шкала 389 AQI-ге (ауа сапасының индексі) дейін көтерілген кезде ең жоғары көрсеткіш тіркелді: 300-500 AQI аралығында денсаулыққа айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін. Ластағыш заттар PM10 - 494; PM 2,5 - 63; SO2 (күкірт диоксиді) - 46; NO2 (азот диоксиді) - 19; O3 (озон) - 22; СО (көміртегі монооксиді) - 145 деңгейлерін көрсетті.



PM10 және PM2,5 деген не?

Қалқымалы заттар (РМ - particulate matter) – ауада қалқымалы күйде болатын қатты және сұйық бөлшектердің қоспасын қамтитын кең таралған ауа ластаушы зат.

РМ-нің ең көп таралған химиялық компоненттеріне сульфаттар, нитраттар, аммиак, басқа бейорганикалық иондар, мысалы натрий, калий, кальций, магний және хлорид иондары, органикалық және элементарлы көміртегі, жер қыртысының минералдары, металдар (кадмий, мыс, никель, мырыш) және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК) жатады.

РМ құрамында аллергендер мен микроорганизмдер сияқты биологиялық компоненттер кездеседі. Олар орманда да, теңізде де бар, бірақ қалада анағұрлым қауіп төндіреді. Біріншіден, қалада әдетте олар анағұрлым көп болады, екіншіден, қаладағы ұсақ дисперстік аэрозольдің химиялық құрамы табиғатта қарағанда қауіпті.

Үндістанның астанасы Делиде 7 қарашада бұл көрсеткіштер анағұрлым төмен болды - 242 AQI. Алайда барлық әлемдік БАҚ-тар осы 10 миллиондай тұрғыны бар мегаполистегі ауаның сыни ластану деңгейі туралы хабарлауда: ауа ресми түрде денсаулыққа қауіпті деп танылды, атап айтқанда, бұл күні мектептер жабылды.

Біз «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалына 4-7 қараша аралығындағы ауаның мониторинг нәтижелерін ұсыну туралы өтінішпен хат жолдадық. Филиал автоматты бақылау станцияларынан күн сайын атмосфералық ауаға бақылау жүргізеді (Атырау қаласында мониторинг 5 бекетте (3 - автоматты, 2 – сынаманы қолмен алу бойынша) жүзеге асырылады.

3-7 қараша аралығында 1,0-1,125 ШРШ көлемінде күкіртсутегі асқан 3 жағдай тіркелген, ең жоғары концентрация - Азаттық-Әуезов көшелерінің маңында болған.

НКОК компаниясының ауа сапасының мониторинг станциясының мәліметтері бойынша, 4-7 қараша аралығында жел солтүстік, солтүстік-шығыс бағытымен соққанда №104 «Вест Ойл» станциясының маңында ауаның күкіртсутегімен жоғары ластанған 3 жағдайы тіркелді.  

Мұндай қарқынмен көшеге демперде-респиратормен шығуға тура келетін күн алыс емес секілді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қараша 2019, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.