Атырау, 23 қараша 23:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жер шары жылынуда

3 164 просмотра


«Қазгидромет» 2018 жылы Қазақстандағы климаттың өзгеруін зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеуде біздің өңіріміз туралы да мәлімет бар, бірақ алдымен жалпы мәліметтерден бастайық, бұл да маңызды.

Жалпы, бүкіл жер шары үшін 2018 жыл аспаптық бақылау басталған 1850 жылдан бергі ең жылы 10 жылдың бірі болды. Мұхиттың жоғарғы қабаттарындағы жылу бойынша жаңа рекордтар орнады, созылыңқы арктикалық және антарктикалық теңіз мұздарының қысқарғаны байқалды. Өткен жылы 74 тропикалық циклон тіркелді, бұл олардың ұзақ мерзімді орташа мөлшерінен айтарлықтай көп (63). Су тасқыны, экстремалдық жауын-шашындар мен тропикалық емес дауылдар жүздеген адамдардың өмірін жалмап, үйлерді қиратты. 2018 жылдың көктемі мен жазының соңында Еуропаның едәуір бөлігінде бұрын-соңды болмаған ыстық пен құрғақшылық орнады.

Қазақстанда өткен жылы орташа жылдық ауа температурасы климаттық нормадан 0,11°C жоғары болды. 2018 жылдың жазында батыс және оңтүстік облыстарда орташа маусымдық температура нормадан едәуір артты. Негізінен, көптеген метеостанцияларда шілдедегі тұрақты ыстық ауа-райының әсерінен ауаның орташа айлық температурасы жаңа абсолюттік максимумдарға жетті: Атырау облысы бойынша - Атырауда (+31,2 °С), Құлсарыда (+32,0 °C).

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қараша 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.