Атырау, 6 қазан 20:42
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бап өзгеріп, жазадан құтылды

1 808 просмотра

Қалалық сот пара алды деп айыпталған жол полициясының қызметкерін ақтап шықты.

Осы жылдың жазында ІІД ішкі қауіпсіздік қызметі жол-көлік оқиғасының хаттамасын толтырмағаны үшін 20 мың теңге пара алу кезінде жол полициясының инспекторын ұстады. ҚР ҚК 311-бабы бойынша («Пара алу») іс өндірісі аяқталып, сотқа жолданды.

Іс процесі барысында судья бапты 177-бапқа («Алаяқтық») өзгертті. Бұған сол инспектордың өзінің қызметтік міндеті бойынша ЖКО болған жерге бармау керектігі және оған ешкімнің іс-жүргізу шешімдерін қабылдауға өкілеттік бермегендігі себеп болды. Соған сәйкес, судья оны парақор емес, алаяқ деп шешті. Қылмыстық іс-жүргізу кодексі бұл жағдайда тараптардың бітімге келуіне жол береді, сот барысында да солай болды. Нәтижесінде жол полициясының инспекторы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Үкім әлі заң күшіне ене қойған жоқ. Қала прокуратурасының бөлім бастығы Тұрсынай БУРАБАЕВАНЫҢ айтуынша, сот үкімін бұздыруға шағым берілген жағдайда ол прокуратурада қаралатын болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

31 қазан 2012, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.