Атырау, 26 желтоқсан 12:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстанда қаржы полициясы қызметкерлерінің кәсіби этика кодексі бекітілді

11 978 просмотра

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде ведомство қызметкерлерінің арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында Агенттік төрағасы Р.Т. Түсіпбеков Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің кәсіби этика кодексін бекітті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кодекс кәсіби-этикалық ережелерден тұрады. Құжатта айтылғандай, қаржы полициясының қызметкерлері Қазақстан заңнамасын сақтап, адам мен азаматтың ар-намысын құрметтеуге тиіс. Қызметкерлер адамгершілік жағынан таза, сатылмайтын, қызметінің мүдделеріне берілген және қызметтік парызына адал болуы тиіс.

Қаржы полициясының қызметкерлерінің жүздері жылы және ашық, мұқият және кішіпейіл болып, азаматтармен сыпайы сөйлесіп, қарым-қатынас барысында іскерлік мәнерді ұстануға тиіс.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы полициясының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында қорқытуларға, бопсалауға, қорлау мен жала жабуға тап болған жағдайда кодекс олардың мүдделерін қорғауға кепілдік береді.

Дереккөз: bnews.kz

31 қазан 2012, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.