Жақында өткен монополистердің тұрғындармен кездесуі алдында алпауыт кәсіпорындар өкілдері өзара әңгімелесіп, жаңалықтарымен бөлісті. Керек жерде дәл уақытында болған «АЖ» тілшісі қызықты нәрселерді де «тыңдады».
«Атырау Энергосату» ЖШС өкілі желтоқсанда электр қуатына тарифті көтеру туралы өтініш беретіндерін айтты. Бұған дейін қазанда Энергетика министрлігінің Атырау ЖЭО тарифін 12,7% -ға көтеру туралы бұйрығы шыққан болатын. Осы бұйрық бойынша Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) электр қуаты қымбаттады, біз жетіспейтін қуатты ішінара солардан аламыз.
Атырау облысы электр қуатын алатын Ресей энергиясы да әр жарты жыл сайын қымбаттап отыр. Қазір шығынға ұшырамас үшін осылардың барлығын қайта есептеп шығуымыз керек, - деп пайымдайды «Атырау Энергосату» өкілі. Оның пікірінше, қалыптасқан жағдайда бұдан басқа шешім жоқ – тұтынушыларға арналған тарифті көтеру жөнінде монополияға қарсы өтініш бермек.
Сондай-ақ, ол 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылатындығына қынжылыс білдірді. Бұл энергетиктер үшін қатты соққы болды, өйткені электрмен жабдықтау ережелеріне сәйкес олар мекенжай анықтамасы бойынша абоненттермен шарт жасасуы тиіс. Олар әзірге бұл мәселені қалай шешуге болатынын білмейді.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ өкілі әріптестеріне жобаның қымбат болуына байланысты биліктің Талғайраң ауылының жанында салынып жатқан Лаэти спутник-қаласының бағытында магистралдық жылу трассасын салудан айнып қалғанын хабарлады. Оны автономды қазандықтармен жылыту ұйғарылған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ