Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

АҚШ әскери оқуға қазақтарды шақырып жатыр

1 906 просмотра
АҚШ әскери оқуға қазақтарды шақырып жатыр

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әскери қарым-қатынас бөлімі АҚШ-тың әскери академияларында оқу үшін конкурсқа қатысуға қазақстандықтарды шақырып жатыр. Конкурсқа қатысатындарға қойылатын екі талап бар: бойдақ болуы шарт;  үміткер 2013 жылдың 1 шілдесінде 17 жастан үлкен және 23 жастан кіші болуы керек.

Конкурстан өткен адам АҚШ-тың әскери төрт оқу орнының біріне (АҚШ Әскери академиясы, АҚШ Әуе күштері академиясы, АҚШ Әскери теңіз күштері академиясы және АҚШ Жағалаудағы күзет академиясы) оқуға қабылданады. Оқу 2013 жылдың жазында басталады, 2017 жылы аяқталады.

Конкурс жайындағы толық ақпаратты мына парақшадан оқуға болады.

Дереккөз: serke.org

31 қазан 2012, 20:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.