Атырау, 8 желтоқсан 14:55
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қаймақ ішінен телефон табылды

Сурет
4 811 рет қаралды


Атырау тергеу изоляторында (УГ-157/1) кезекті сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері қаймақ салынған шелектің түбіне мұқият жасырылған Nokia-107 ұялы телефоны мен қуаттау құралын тауып алды.

- Бұл сәлемдеме жергілікті тұрғын Т.М.-дан келген және ҚР Қылмыстық кодексінің 297-«есірткі» бабы бойынша айыпталған О.Д.-ға арналған. Тыйым салынған заттар тәркіленді, - деді УГ-157/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бастығы Дәулет РАХМЕТОВ.

Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-тармағы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша сәйкес материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

7 қараша 2019, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.