6 қарашада кешкі сағат жетілер шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында Daewoo Nexia көлігінің 62 жастағы жүргізушісі 40 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жүргізуші апат болған жерден кетпеді. Жабық бас сүйек-жарақатын алған зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды.
- Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде, - деді Атырау облыстық Полиция департаментінде.
Осы көше тұрғындарының айтуынша, олар әкімдікке жарық орнату өтінішімен бірнеше рет жүгінген. Ымырт үйірілгенде көшені қараңғылық басады. Бұл жыл басынан бері осы жерде орын алып отырған екінші апат.
Ал әлеуметтік желілерде полицейлер оқиға болған жерге бір сағаттан кейін келді деп жазып жатыр. Қалалық полиция басқармасындағылар қызметкерлер 15 минут ішінде барды деп, мұны жоққа шығарды.
Фархат ӘБІЛОВ