Атырау, 24 қараша 00:15
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Перинаталды орталық дәрігерлерін райларынан қайтару жұмыстары жалғасуда

2 661 просмотра


«Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподағы өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазған облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің көпшілігі жұмыс орындарында қалады деп үміттенеді.

Естеріңізге салсақ, 7 қазанда ОПО-ның 31 дәрігері жұмыстан кету туралы арыз жазған еді. Олар мұздатқыш камерасына салынған сәби өліміне байланысты қайғылы оқиғадан кейін осындай шешімге келген. Дәрігерлердің айтуынша, оларға жұртшылық тарапынан жасалған психологиялық қысымға төтеп беру қиынға соққан.

- Дәрігерлермен денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс істеуде. Олар өз орындарында жұмыстарын жасап жатыр. Біз дәрігерлермен диалог құру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін күресетін құнды маман, - деп мәлімдеген еді сол кезде Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салалық кәсіподақ ұйымының жергілікті филиалының басшысы Майра ҚАШКЕНОВАНЫҢ айтуынша, барлық дәрігерлерге заңгерлік көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, оларға жүргізіліп жатқан қылмыстық тергеу аясында куәгер ретінде жауап алу кезінде дәрігерлердің қасында болатын адвокаттар берілген.

- Дәрігерлердің басым бөлігі - біздің жергілікті жұмысшылар, олардың арасында 5 жылға дейін жұмыс істеген жас мамандар да, мол тәжірибесі бар дәрігерлер де бар. Біздің кәсіподақ оларды өз орындарынан кетпеуге шақырып, кешенді жұмыстар жүргізуде. Қазір 4 дәрігер арыздарын кері алды, ал қалғандарының көбісі де келіседі деп ойлаймын. Тіпті, орталықтан кетсе де облыстың басқа медициналық мекемелеріне жұмысқа ауысады. Олардың басқа аймақтарға көшу жоспарлары жоқ, - дейді Майра Қашкенова.

Оның айтуынша, кәсіподақ бұл тақырыпты дәрігерлермен кездесу кезінде талқыламақ, содан кейін орталықта жұмыс істейтін дәрігерлердің саны белгілі болады.

Егер медицина саласындағы кадрлар мәселесі туралы айтатын болсақ, жақында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Нұр-Сұлтандағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде біздің облыста медицина кадрларының тапшылығы едәуір азайғанын айтқан еді: егер 2016 жылы 144 дәрігер жетіспесе, бүгінде олардың саны 30 болған. 2019 жылдан бастап облысқа 123 дәрігер келді, оның ішінде 54 маман босануға көмектесетін және балалар мекемелерінің мамандары (13 акушер-гинеколог, 5 анестезиолог-реаниматолог, 3 неонатолог, 19 педиатр, 14 терапевт), олардың 12-сі облыстық перинаталды орталыққа жіберілген.

Резидентураға 48 грант бөлінді, оның ішінде 27-сі босануға көмектесетін және балалар мекемелерінің мамандарын: 9 акушер-гинеколог, 4 неонатолог, 5 анестезиолог-реаниматолог, 5 инфекционист, 1 балалар неврологы, 1 балалар пульмонологы, 2 балалар хирургін даярлауға арналған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қараша 2019, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.