Атырау, 23 қараша 23:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еркінқалада мал ұрлаушылар ұсталды

3 873 просмотра


Атырауда мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды. Олар тағы бес қылмысқа қатысы бар деп күдіктеліп отыр.

Биыл қазан айында үш адам Еркінқала ауылының далалығында бір сиырды мылтықпен атып алып, сойып бөлшектеп, сол жердегі зират ішіне тығып тастайды. Оларды жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, полицияға хабарлайды. Ізін суытпай, жедел қимылдың арқасында полиция оларды далалықта қолға түсірді. Кейін малдың иесі табылып, еті қайтарылады. Ұрлықпен айналысушылардан айғақ заттар - мылтық, пышақ және медициналық бетперде табылды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мал ұрлығын кәсіп еткендер Атырау қаласынан болып шықты. Күдіктілердің басқа да мал ұрлығы бойынша бес қылмысқа қатысы бары анықталған. Олар тек қаланың емес, аудан тұрғындарыныңң малдарын қолды еткен. ҚР ҚК 188 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 қараша 2019, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.