Атырау, 5 желтоқсан 08:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарқаралыда болған жаппай төбелесте 1 адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жеткізілді

2 020 рет қаралды

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында жаппай төбелес орын алды, соның нәтижесінде 1 адам көз жұмып, 5-еуі ауруханаға жеткізілді  деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Қарқаралыда екі топ арасында төбелес орын алды. Соның нәтижесінде жергілікті ауруханаға 6 адам жеткізілді. Олардың біреуі, ЖШС-нің 35 жастағы жұмысшысы жүрек тұсына салынған пышақ жарақатынан көз жұмды. Қалған бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады полиция.

ҚР ҚК-нің 96 бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК-нің 103 бабы (Ауыр дене жарақаттарын салу) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: newskaz.kz

31 қазан 2012, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.