Атырау, 24 қараша 01:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Медицина пойызының сапары Сағыздан басталады

3 326 просмотра


Атырау облысының тұрғындары 6 қарашада өңірімізге келетін «Жәрдем» қосымша арнайы медициналық пойызының дәрігерлеріне тегін қарала алады.

Пойыз 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша іске қосылды. Биыл жаңа құрам алты облыстағы 78 станцияны қамтымақ. Дәрігерлер медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғай станциялардың және жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.

Медициналық бригадалар құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, хирург, ЛОР, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, уролог, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Медициналық пойыз кабинеттер ретінде жабдықталған және диагностикалық тексеруге және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық жабдықтармен: ЭКГ, УДЗ аппараты, эндоскопиялық жабдық, гематологиялық және биохимиялық анализатор, Мерлин ультрадыбыстық сканері, флюорограф, гастрофиброскоп және басқалармен жарақталған 8 вагоннан тұрады.

«Жәрдем» пойызы 10 мыңнан астам шақырым жол жүріп, 24 желтоқсанда барлық аймақтар бойынша сапарын аяқтайды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


Пойыздың Атырау облысында жүру кестесі

                                                                        Келу          Кету     

Сағыз

06.11.19 ж.

22-45

08.11.19 ж.

22-00

Жамансор

09.11.19 ж.

00-05

10.11.19 ж.

22-20

Ескене

11.11.19 ж.

00-50

11.11.19 ж.

23-00

Нарын рзд.

12.11.19 ж.

04-00

12.11.19 ж.

22-00

Афанасьев рзд.

12.11.19 ж.

23-45

13.11.19 ж.

23-00

Ганюшкино

13.11.19 ж.

23-35

15.11.19 ж.

22-00

Д. Нұрпейісова рзд.

15.11.19 ж.

22-50

17.11.19 ж.

22-20

Мақат

18.11.19 ж.

06-50

19.11.19 ж.

22-00

Құлсары

19.11.19 ж.

23-35

22.11.19 ж.

22-55

1 қараша 2019, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.