Алкоголь қолданудан бас тартудың ұлттық күні елімізде жыл сайын 31 қазанда өткізіледі. Бұл шараны атап өту барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері өз дайындықтарын ерте бастаған болатын.
Аталмыш күнге орай алкогольды шектеусіз қолданудың зияндығы туралы онкүндік өткізді. Бұл күндер ішінде дәрігерлер оқу орындарының басшыларына оқушыларға осы тақырыптар төңірегінде көбірек айтуға кеңес берді.
- Егер ішімдікке құмар адамдардың біреуі болса да сол күні оны ішуден бас тартса, онда біздің жұмысымыздың зая кетпегендігі, -дейді Атырау салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі маманы Клара АРАЛОВА.
Осы шараға орайластырылып №6 мектепте «Біз алкогольсіз өмірді таңдаймыз» деген акция өтті. Онда ішімдіктің зияндығы туралы слайдтар көрсетіліп, орталықтың мамандары лекция оқыды. Шараның соңы жоғары сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Анастасия ПАСТУХОВА