Атырау, 24 қараша 01:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жүк көліктерінің жолын бөгейміз»

Сурет Бейнежазба
8 126 просмотра


Жылыой ауданы орталығынан 32 шақырым жерде орналасқан Ақкиізтоғай ауылының бір топ тұрғындары редакциямызға хабарласып, шебін тас тасыған ауыр жүк көліктері жақында салынған жолды бұзып жатқандары туралы шағымданды. «АЖ» тілшісі аталмыш ауылға барып, мәселенің мән-жайымен танысты.

- «Ақкиізтоғай-Құлсары» тас жолы бұдан екі жыл бұрын толық жөндеуден өткізілді. Бұған дейін жолсыз жермен бірнеше сағат уақытымызды жоғалтатын едік. Енді қыруар қаржы бөлініп, жөнделді деген жолымыздан айрылып қалу қаупі туып тұр,- деді Ақкиізтоғай округі әкімі Дастан ТІЛЕУОВ.

Даудың басы Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым жердегі «Қырғын» деген жерде қиыршық тас өндіретін жерден басталып отыр. Өндірушілер бұл құрылыс қоспасын Құлсары қаласына тасымалдау кезінде осы жаңа жолмен жүреді екен.

- Негізі асфальтта бір осі 8 тонна емес, 25-30 тонналық ауыр салмақты және «шахмандар» жүріп жатыр. Егер осылайша ауыр салмақты жүк көліктері жүре берсе, онда барымыздан айрылып қалатын түріміз бар,- дейді Темірхан ТУРЛАШЕВ. - Осы кезге дейін жергілікті әкімдікке, аудан әкімі атына хат жолдадық. Осыдан кейін рейдтер жасалып, «шахмандар» тоқтатылды. Бірақ уақыт өте келе үйреншікті істеріне қайта басты.


Мен карьер басына бардым. Айтса айтқандай, көліктер грейдер емес, жайылымдық жерден ондаған жол салып үлгерген.

Карьер басында қиыршық тас тиеуші екі трактор тұр. Өзін жұмысшымын деп таныстырған жігіт шебін тиеуге бірнеше көліктер келетінін, оның ішінде «шахмандар» барын да жасырмады:

- Біз де, бастықтар да асфальтпен жүрмеңдер деп айтып жатырмыз, былай шыға бере жүрістеріне қалай бақылау жасаймыз?

- Бұл жүріс тоқтамаса, жолға кезектесіп күзетке тұрып, бөгет жасаймыз,- дейді ақкиізтоғайлықтар. Жергілікті билік бұл дауды тез шешпесе, үлкен жанжалдар тууы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

30 қазан 2019, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.