Атырау, 24 қараша 01:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аңқау барда, алаяқ табылады

3 718 просмотра


Жылыой ауданында 38  жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғарғы оқу орындарына балалары мен немерелерін оқуға түсіремін деп, төрт адамды тақырға отырғызып кеткен. Алайда алысқа бармады. Жуырда сот алаяқ әйел адамды  3 жыл  жарым мерзімге бас бостандығынан айырды. Бізде жоғары оқу орнында парақорлар көп деп айтылады, бұл жерден алаяқтар да арылмапты.

Алаяқтықтың басқа да түрлері, Интернет арқылы алдап-арбау туралы  облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгул ҚАЙСАҒАЛИЕВА айтып берді:

- Мысалы, «Крыша.кз» арқылы пәтер жалдау махинациялары көбейе бастады. Басқа қалаларда отырып-ақ, көршілес облыс тұрмақ, Мәскеуден сайттар арқылы пәтер сатуға не жалдауға өз атынан хабарландыру беріп, келіссөз барысында бастапқы ақшасын салып жіберуін өтінеді. Жәбірленуші пәтерді алдын ала брондау үшін ақшасын салып жіберіп, кейін сан ұрып қалады.

Облыс бойынша жыл басынан бері 700-ге жуық алаяқтық фактісі тіркелсе, оның ашылғаны 272-ге жетіп тұр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қазан 2019, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.