Атырау, 24 қараша 01:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда айналма жол салынады

5 431 просмотра


«АлматыДорПроект» жобалау ұйымы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы ұзындығы 45 шақырым болатын айналма жолдың техникалық-экономикалық негіздемесін жасады. Ал «Қазжолжобалау» ЖШС Атырау қаласындағы Солтүстік айналма жолы (26 км) құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауды бастайды. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ хабарлады.

Ол Қарабау-Миялы (123 км) және Индер-Қарабау (87 км) трассаларын қалпына келтіру жұмыстарының да басталғанын айтты. Құрманғазы ауданында Ганюшкино-Приморье-Утера-Котяевка трассасында (0-29 км) жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, облыстың барлық 7 ауданындағы елді мекендерге кіретін және ауылішілік жолдар жөнделуде.

Құрманғазы ауданындағы Ақкөл-Қызылоба-4-разъезд-Қиғаш көлік жолдарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды, мемлекеттік сараптаманың оң бағасы алынды. Ұзындығы 282 шақырымға созылған 7-разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік жолдарында жаңа технологиялар бойынша 11 сортаңды тазарту жұмыстары басталды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

29 қазан 2019, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.