Атырау, 26 сәуір 01:54
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Штаттарда қалай оқытады?

1 539 просмотра

Қазақстандағы АҚШ елшілігі халықаралық білім беру апталығына арналған  көрмеге барлық ниет білдірушілерді шақырды.

14 қарашадан бастап АҚШ елшілігі апталықтың Атырауда да аталып өтуіне ат салыспақ.  Осы бастаманы қолдау мақсатында елшілік сол күні «АҚШ-да білім алу» көрмесін өткізбекші. Көрме «Ренессанс» қонақ үйінде сағат 14-тен 17–ге дейін болады. Елшіліктің берген мәліметтері бойынша, 2000 жылы бекітілген АҚШ білім беру министрлігі және мемлекеттік департаментінің бірлескен бастамасы бүгінгі таңда әлемнің 100-ден аса елінде аталып өтуде.

Халықаралық білім беру апталығы  – бұл халықаралық білім беру басымдықтары мен болашағын талқылаудың мүмкіндігі және бүкіл әлем бойынша бағдарламалардың алмасуы, - дейді ҚШ елшілігінің Қазақстандағы білім беру мәселелері  жөніндегі маманы Майра ТҰҢҒАТАРОВА.  – Мемлекеттік департаменттің білім беру және мәдени бағдарламалар бюросы жыл сайын АҚШ-да оқуға немесе тәжірибеден өтуге баратын кәсіптік алмасулар және академиялвқ бағдарламалардың 40 000-нан аса қатысушыларына қолдау көрсетеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

31 қазан 2012, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.