Атырау, 27 қараша 03:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Британ парламенті Джонсонның сайлау жоспарын қолдамады

2 317 просмотра


Британия парламентінде дүйсенбі күні кешке 12 желтоқсанда мерзімінен бұрын жалпыға бірдей сайлау өткізу туралы дауыс беру процесі өтті. 

Бастаманы Борис Джонсон бастаған консерваторлар көтерген. Сайлау өткізуді 70 адам қолдап, 299 адам қарсы болды. Заң бойынша, мерзімінен бұрын сайлау, егер үкіметке сенімсіздік вотумынсыз жарияланатын болса, оған қауымдар палатасының үштен екісі, яғни 434 депутат дауыс беруі керек.

Сейсенбі, 29 қазанда премьер-министр Джонсон мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жаңа заң жобасын парламентке ұсынуы тиіс.

Премьер-министр "бұл парламент шешім қабылдау қабілетінен айырылды" деп мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 қазан 2019, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.