Атырау, 22 қараша 03:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қаламгер сағынышы

4 020 просмотра


25 қазанда Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР ақпарат саласының үздігі, ақын және аудармашы Әлібек ҚАЙЫРОВТЫҢ шығармалары жинақталып, «Сағынышым – тағдырымның тұмары» атпен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері өтті. «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында өткен шығармашылық кешке журналистің достары мен әріптестері, туыстары жиналды.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде автордың өмірінің соңғы жылдары жазылған түрлі жанрдағы шығармалары мен әр жылдары республикалық, облыстық басылымдарда жарық көрген материалдары енген. Екінші бөлімде автордың ақпарат саласында қызмет еткен әріптестері мен дос-жарандарының естеліктері, жергілікті ақындардың Әлібек жайлы жазған өлеңдері енгізілген. 

150 данамен шыққан кітапты Қаржаубай СҰЛТАНҒАЛИҰЛЫ мен Сейілхан ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ жинақтап құрастырған.

- Әлібек сағыныш туралы көп айтатын. Оған оқырмандардың да сағынышы бар шығар. Сондықтан досымыздың кітабының атын «Сағынышым - тағдырымның тұмары» деп атадық, - дейді Сейілхан ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ.Ал естеліктер арқылы оқырман Әлібектің шығармашылық қырларымен, кәсіби шеберлігімен, адами болмысымен толық таныса алады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

28 қазан 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.