Атырау, 24 қараша 01:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуедегі үрей

2 978 просмотра


26 қазанда кешкісін «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағыты бойынша КС 983 рейсін орындайтын Embraer 190 ұшағында ұшу кезінде қозғалтқыштағы май қысымының төмендегені туралы дабыл іске қосылған.

Экипаж осындай жағдайдағы нұсқаулықтарға сәйкес, қозғалтқышты сөндіріп, жарты сағаттан кейін әуе кемесі Атырау әуежайына қонуды жоспарлайды. Апаттық қону кезінде бортта ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ осы жарты сағат ішінде ұшақ ішінде жандарын шүберекке түйген жолаушылардың күйін елестетудің өзі қиын.

КС 984 рейсінің қайту сапары тоқтатылды. «Эйр Астана» әуе компаниясының инженерлік қызметі ұшақты тексеріп шығып, қозғалтқыштан май ағып жатқанын анықтады. Ақауларды жою үшін Алматыдан мамандар келді.

Кейін КС 984 жолаушылар рейсінің жексенбі күні Атыраудан елордаға ұшып кеткені белгілі болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

28 қазан 2019, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.